2026 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейді

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Комиссия сыйлыққа ұсынылған туындыларға қатысты ортақ келісімге келе алмады.

Вице-президент Ерлан Қарин өткізген Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия ортақ шешімге келе алмай, биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланлы. 

"Комиссия мүшелері әдебиет, театр, музыка және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 7 жұмысты қарады. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев ұсынылған еңбектердің қоғамдағы талқылану барысы туралы баяндама жасады. Комиссия дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылған туындыларға қатысты ортақ келісімге келе алмады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ отырыс барысында Комиссия қызметін жетілдіру, атап айтқанда, жұмыстарды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және конкурстық іріктеу рәсімдерін жүйелеу ұсынылды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау