2023 жылы президент тапсырмасымен жастарға арналған жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындалады.
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте жастарды қолдауға бағытталған шаралар туралы әңгімеледі.
Оның айтуынша, Қазақстанда жас жазушылар мен драматургтерге арналған "Айбоз" сыйлығы, сазгерлерді қолдайтын "Дала дауысы" ұлттық сыйлығы және өнер саласындағы жетістіктер үшін марапаттайтын Umai сыйлығы бар.
- "Дала дауысы" жобасы композиторларды қолдау мақсатымен қолға алынған. Оның қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Сыйлықпен опера жанрында, халық аспаптарында тың туындылар жазып жүрген сазгерлер марапатталады. Сондай-ақ, оның аясында "Республика әні" атты эстрадалық өнер жүлдесі де беріледі.
- Umai сыйлығы Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген өнер қайраткерлеріне елеулі шығармашылық табыстары мен кәсіби жетістіктері үшін "Театр өнері", "Музыкалық орындаушылық өнер", "Хореографиялық өнер", "Театрдағы бейнелеу өнері" сияқты 4 номинация бойынша табыс етіледі. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 54 млн теңге. Биыл "Балалар жылына" орай сыйлық аясында "Үздік балалар спектаклі" деген арнайы жүлде тағайындалған.
- "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы келесі 7 аталым бойынша беріледі: "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драма", "Үздік көркем аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік комикс" және "Кітаптың үздік дизайны". Байқау жүлдегерлеріне 5 миллион теңгеден қаржылай сыйлық табысталады. Жеңімпаз авторлардың еңбектері 500 данамен жарық көреді.
Бұл тізімді 2023 жылы жаңа сыйлық толықтырады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚌 Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
-
372
-
0
-
0
-
-
2🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
376
-
0
-
0
-
-
3🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
405
-
0
-
2
-
-
4📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
308
-
0
-
0
-
-
5🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
287
-
0
-
0
-
-
6💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
253
-
0
-
0
-
-
7👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
239
-
0
-
0
-
-
8🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
224
-
0
-
0
-
-
9☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
233
-
0
-
0
-
-
10👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
162
-
0
-
0
-