Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа құжат қабылдау басталды. Кімдер үміткер бола алады

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Өтінім 1 наурызға дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл марапат ел мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетел авторларына Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

Талаптарға сәйкес, сыйлыққа ұсынылған ұжымдағы үміткерлердің саны 5 адамнан аспауы тиіс, ізденушілер ұжымына жұмысты орындау процесінде тек әкімшілік және/немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған тұлғаларды қосуға жол берілмейді. Сондай-ақ, жұмыс Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа бір рет қана ұсыныла алады.

Өзге шарттар: 

  • Бір автор немесе авторлар ұжымы Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды. 
  • Бұрын Қазақстан Республикасының сыйлықтарына ие болған жұмыстар Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алу конкурсына жіберілмейді.
  • Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа осы сыйлықтың лауреатына жаңа жетістігі үшін қайтадан берілуі мүмкін, бірақ көрсетілген сыйлық алдыңғы берілгенінен кейін бес жылдан ерте болмайды.
  • Тұлға Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғаннан кейін қайтыс болған жағдайда, лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.

Қажетті құжаттар тізімін осы жерден оқуға болады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз