Қазір елімізде 60 мың тест бар. Жақын арада тағы 150 мың тест әкелінеді. Тағы 100 мың тестті демеушілер сатып әпереді. Олар халыққа тегін беріледі.
Интернетте "Қазақстан сапасыз, арзан тест сатып алып жатыр" деген ақпарат тарады. Ұлттық зертхана орталығы Қытайда шығарылған тест жүйесін қолданады. Бұл тест жүйесі коронавирусты анықтауда мүлт кетіп жатқан жоқ. Оған Қытайдың қазіргі тәжірибесі дәлел.
Сондай-ақ, зертханаларда тесттен бөлек, ДДСҰ мақұлдаған праймерлер де қолданылып жатыр.
Дәл қазір бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Қазақстандағы коронавирус жұқтырған адамдардың саны әлі де күрт өседі деген болжам бар. Содан кейін барып вирусты жаңадан жұқтырғандар cаны азаюы мүмкін. Төтенше жағдай бір айдың ішінде аяқталады деп үміттенеміз.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы кодекстің 95-бабына сәйкес, бұл ақпарат дәрігерлік құпия болып саналады.
Оқи отырыңыз: Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. Оныншы күн
Елге 6 мыңға жуық турист оралды. Бүгін тағы 145 туристі қайтару жоспарланып отыр. Осы бағытта Үкімет пен "Туристік қамқор" қоры көп жұмыс атқарып жатыр. Қазір шетелдегі 60-қа жуық турист көмектен бас тартып, елге қайтпай отыр. Оларға қатысты бөлек жұмыс жүргіземіз.
Айта кетерлік жайт, бұл туристердің барлығы – ескертуге қарамастан шетелге кетіп қалған адамдар. Олардың елге келуі, тамағы, анализ тапсыруы және диагностикасы қамтамасыз етіледі. Өкінішке қарай, олардың арасында "туристік жолдама уақыты аяқталғанша демалып, содан соң елге қайтамын" дегендер де болды. Біз мұны жауапсыздық деп түсінеміз. Дәрігерлерге беретін тестті біз осындай туристерге шығындап отырмыз.
Борт 13 наурыз күні келіп қонды. Ұшып келген 12 адамның 9-ы – жолаушылар, қалғаны – экипаж мүшелері. Олар бірден ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз: Карантин режиміндегі наурыз. Мерекені қалай үйден шықпай-ақ тойлауға болады?
Тәулік сайын 604 мың маска өндіріліп жатыр. Бұл көрсеткіш 1 миллионға дейін өседі. Нұр-Cұлтан мен Алматы қалаларында қауіпті аймақ тұрғындарына маска тегін таратылады.
Қазіргі уақытта елімізде 27 мың адамға орын дайындалды. Елордада бұл орындарға жатқызылғандар саны 25 пайыздан, ал Алматыда 12 пайыздан аспады.
Мұндай жағдай болмасын деп тілейміз. Болған күннің өзінде біз әлемдік стандартқа сәйкес алгоритм бойынша жұмыс істейміз.
Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап сабақты қалай оқиды? Министр түсіндірмесі
Кеше бұл карта елді дүрліктіріп жіберді. Себебі, көп адамдар бұл картада вирустың таралу аймағы бейнеленген деп ойлап қалды. Ал шын мәнінде ол жерде ауырған жандармен қарым-қатынаста болғандардың тұрғылықты жері берілген еді. Олар медициналық тексеруден өтті, ағзасынан вирус табылмады. Сондықтан, алаңдауға негіз жоқ. Қазір мамандар картаны толықтырып жатыр.
Жоқ. Нұр-Cұлтан мен Алматыдағы сауда орталықтары жабық. Қалған қалалардағы сауда орталықтары санитарлық талаптарды орындаған жағдайда 18.00-ге дейін жұмыс істей алады. Алайда, орталықтың ойын-сауыққа арналған бөлігі жұмыс істемейді.