Тікелей эфир

Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап сабақты қалай оқиды? Министр түсіндірмесі

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Қашықтан оқу форматына көшкен жағдайда, мектеп оқушылары демалыстан соң қалай білім алады? Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі түсініктеме берді.

Informburo.kz Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Facebook желісіндегі постының толық нұсқасын беріп отыр.

ЮНЕСКО-ның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 107 мемлекетте орта білім беретін мектептер толық жабылған. Бұл – 861 миллион оқушы білім алуын тоқтатты деген сөз. Бұған қоса 12 елдің кейбір қалаларында орта білім беру ошақтары жұмыс істемейді. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттің алдында осы үдеріс салдарын азайту және үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету үшін мүмкіндік жасау міндеті тұр.

Отандық білім беру жүйесі үшін де қашықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ.

Оқи отырыңыз: Эпидемиялық төтенше жағдай кезіндегі білім беру жүйесі туралы

Ақпарат құралдарынан қашықтан оқытатын түрлі платформалар туралы қарама-қайшы жазбаларды көзім шалып қалды. Білім берудің әр деңгейі үшін түрлі оқыту жүйелері ұсынылуда.

Сондықтан қашықтан оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы тағы бір мәрте жазуды қажет деп санадым.

Осы пост арқылы атқарылып жатқан жұмыс туралы тұщымды ақпарат беруге және өзімнің көзқарасыммен бөлісуге тырысамын.


Қашықтан оқу форматы

Қашықтан оқу форматы / Иллюстрация Білім және ғылым министрінің facebook парақшасынан алынды


1. "Қашықтан оқыту айтарлықтай оңай, әрі жеңіл ме?", "Білім беру ұйымдары 100% қашықтықтан оқыту форматына көше ала ма?" деген сынды сауалдар жиі қойылуда. Әлбетте, бәрі айтарлықтай оңай емес. Орта білім беру жүйесіне қатысты үлкен жұмыс атқарылуда, қазірдің өзінде нәтиже бар деп айтуға болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басым бөлігінде ақпараттық жүйе бар және қолданылуда. Арасында еш қиындықсыз, сәтті пайдаланып жүргендері де, жаңа форматқа енді бейімделе бастағандары да бар. Ақпараттық жүйелер мен платформаларды оқу орындары қажетті контентпен қамтамасыз етуде. Айта кетейін, колледждерге қашықтан оқыту барысында қиындық туғызатын кейбір пәндерді келесі курсқа қалдыруға кеңес бердік.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын қалай тиімді өткізуге болады? Пайдалы онлайн контент топтамасы

Жоғары білім деңгейіне келетін болсақ, шын мәнінде толық дайындық бар. ЖОО-ның басым көпшілігі соңғы екі жылда бірқатар технологияны пайдалып жүр. Сондықтан дайындық деңгейлері жақсы. Мәселен, ҚазҰУ, КИМЭП, ШҚМТУ, UIB, СДУ және тағы басқа университеттер үшін бұл форматта сапалы білім беру еш қиындық туғызбауда. Дегенмен, кейбір жекеменшік жоғары оқу орындары тұрақты бақылауға алынып, оларға әдістемелік және техникалық қолдау көрсетілуде.

2. Біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Оның құрамына қашықтан білім беру саласында жұмыс істейтін "Bilimland", "Daryn.online", "Күнделік", "Univer", "Platonus", "EduPage", БИЛ, "BTS education", "U-study" и "AGS" сынды ұйымдардың өкілдері және педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және ЖОО проректорлары енді.

Оқи отырыңыз: "Қол жуып, үйде отырғаннан да басқа мәселе бар". Маман пікірі

Бұл ретте жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Мәселен:
А) Тапсырмаларды беруді, олардың орындалуын тексеруді, бағалауды және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу;

Б) Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе бейне-стриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосу;

В) Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті.

Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет.

Оқи отырыңыз: Көрме, театр, ойын-сауық орталықтарының қызметі тоқтайды. Төтенше жағдай кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?

3. Педагогтеріміз бен оқушыларымыздың цифрлық сауаттылығын дамыту қажет екендігі де басты назарда. Олар үшін арнайы курстар өткізіліп, нұсқаулықтар әзірленетін болады. Қазірдің өзінде мұғалімдер үшін цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша біраз видеодәрістер әзірленді. Инклюзивтік білім беру, жаңа технологиялардың қолжетімділігіне қатысты принциптер ескерілетін болады.

4. Интернет провайдерлері мен байланыс операторлары бойынша ЦДИАӨМ-мен бірлесіп жұмыс жүргізудеміз. Осы кезеңде білім беру ресурстарын пайдалану барысында трафик есептелмегені дұрыс. Осы мәселе бойынша Премьер-Министр тарапынан тиісті тапсырма берілді және қолдау көрсетілді.

5. Көптеген ірі платформалар өз қызметтерін тегін ұсынып жатыр. Бұл жұмысымызды біршама жеңілдетті. Қазіргі уақытта "Zoom" стримингтік сервисі мен "Coursera" деп аталатын ірі платформалардың бірі тегін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ "Google Classroom", "Hangout", "Күнделік", "Moodle" жүйелерін тегін қолдануға болады. Сонымен қатар "Bilimland" платформасы өзінің 40 мыңнан астам контентін тегін ұсынды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?

6. Қашықтықтан оқытуға келетін болсақ, біз оны онлайн-оқытумен шатастырмауымыз керек. Қашықтық форматының ұғымы әлдеқайда ауқымды және бірден бірнеше әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай формат сабақты геймификациялауға (ойын түрінде өткізуге), өзін-өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы, оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл – біз қол жеткізуге ұмтылып отырған қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі.

7. Әртүрлі платформалар арасында бәсекелестік бар екенін байқап отырмыз, осал тұстары да анықталып жатыр. Бірақ мұндай көрсеткіш тек қызмет көрсету сапасына және қолжетімділігіне әсер ететініне сенімдіміз. Министрлік тарапынан оларға орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және типтік арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламасына сай талаптар әзірленді.

Қарқынды жұмыс жүргізілуде. Кейде әртүрлі тәсілдер мен шешімдерді қабылдауды қажет етеді. Біз 5 сәуірге дейін ақпараттық жүйелерді дайындап үлгеруіміз керек. Оларды тиісті контентпен қамтамасыз етіп, сынап көруіміз қажет. Сондай-ақ, 6 сәуірден бастапқажет болған жағдайда жаңа форматта сабақ алуға бейімдеуге тиіспіз.

Оқушылармен, студенттермен, ата-аналармен және педагогтермен бірігіп қашықтан оқытудың сапалы жүйесін құра алатындығымызға сенімдімін.

Ең бастысы, біз әрдайым кері байланысты, ұсыныстар мен тың идеяларды қуана қабылдауға дайынбыз.

Серіктестер жаңалықтары