Ауыл тұрғындары үйлерін заңдастыра алмай әлек, ал әкімдік бұл мәселе бұрыннан барын айтады.
Жамбыл облысының Меркі ауданына қарасты Андас батыр ауылының бір бөлігі ел картасына енбей қалған. Ауыл тұрғындары не баспанасын рәсімдей алмай, не жол, ауыз су сияқты инфрақұрылымның игілігін көре алмай отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазір ауыл екіге бөлінген. Бірінде қажетті жағдайдың бәрі жасалса, 20-ға жуық үйден тұратын екінші бөлігі өгей баланың күйін кешіп отыр.
"Құжаттың бәрін жинап қойдым, тек мемлекеттік актқа келіп тірелді. Ол жоқ. Себебі, біздің көшеміз Андас батыр ауылына қарамайды", – дейді тұрғындардың бірі Мақсат Жантенов.
Жиырма шақты отбасы осылай үйін заңдастыра алмай отыр.
"Жасым келген адаммын. Үйді балаларға тастап кетсем бе дегенім ғой өз атымнан. Соған шейін үлгерсем бе деймін. Бірақ, ендігі үрейім сол, үлгере алмай қаламын ба деп қорқамын", – дейді тұрғындардың тағы бірі Бейсенбек Қаңтарбаев.
Андас батыр ауылында картаға енбеген жер телімінің көлемі 290 гектарды құрайды. Бұл аумақта салынған үйлерге жол да, көше жарығы да жетпей қалған. Тіпті көршілері ішіп отырған орталықтандырылған ауыз су да бұларға бұйырмаған.
Оқи отырыңыз:
- "Қорадағы малға қол салды". Жамбыл облысында мал ұрлығы тыйылмай тұр
- Жамбыл облысында жұмысшылар Қытай компаниясынан жалақыны көтеруді талап етті
Бұл мәселеден жергілікті билік хабардар. Бірақ, олар Әділет министрлігі ауылдың бұл бөлігін картаға енгізуге асықпай отыр деген уәж айтады.
"Бұл мәселе бүгін ғана көтерілген жоқ. Бұл бойынша жұмыс жасалып жатыр. Өйткені, әр құжаттың мерзімі бар. Әділет басқармасынан Астанадан келісім келгеннен кейін уақыт керек. Біз бір айдың ішінде мәслихат отырысын жасап, құжаттарын реттейміз", – деді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғынбаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-