Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Нұрлыбаев көшесі, №22 тозығы жеткен үйде тұрған 7 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды.

Қоныс аудару Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасының бір кезеңі саналатын реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, тұжырымдама іске асырыла бастағаннан бүгінге дейін 135 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Пәтерлер Shymkent City және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен беріліп отыр.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа пәтерлер толық әрленген және қоныстануға дайын. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету кезінде бұрынғы пәтерлерінің ауданы мен бөлме саны ескеріледі.

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шаһар басшысы отбасыларды маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа қоныстарында амандық, отбасылық береке мен жылулық тіледі.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салайық, Көксай аумағын жаңарту тұжырымдамасы баспана қорын кезең-кезеңімен жаңартуды ғана емес, инженерлік инфрақұрылымды дамытуды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды да көздейді. Тұрғындарды көшіру – аумақты жаңарту мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы өзгерістердің маңызды бөлігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау