Тікелей эфир

"Ретро-хиттер" концерті, "Қыз Жібек" операсы және "Жас Абай" қойылымы. Алдағы апта Астанада қандай шаралар өтеді?

Алдағы аптада астаналықтар түрлі концерттер мен шоуларға, көрмелерге қатысып, балаларға арналған ойын-сауық алаңдарына бара алады.

Астана қаласының әкімдігі алдағы аптада Астанада өтетін іс-шараларды жариялады.

1 қараша

10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында аптаның соңына дейін "Тәттілер мұражайы" халықаралық көрмесі өтеді.

11:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Супониннің "Коза-Дереза" ертегісі қойылады, ал кешке сағат 19:00-де "Әлия" спектаклінің көрсетілімі өтеді.

Сонымен қатар, "Жастар" театрында елорда тұрғындары "Лифт" спектаклін тамашалай алады.

9:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының 5 жылдығына арналған концерт өтеді. Кіру – тегін.

19:30-да "Жастар" сарайында елорда тұрғындары "Ретро-хиттер" концертін тамашалай алады.

2 қараша

11:00-де "Жастар" театрында "Ұр тоқпақ" қазақ халық ертегісі қойылады.

19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Ғашық жүрек" музыкалық спектаклі, ал "Астана Опера" сахнасында "Қыз Жібек" операсы өтеді.

3 қараша

11:00-де М. Горький атындағы орыс театрында Т.Уфимцевтің "Щелкунчик" ертегісі өтеді.

14:00 және 16:00-де Қуыршақтар театрында "Элвин және жұмбақ орманның тұрғандары" спектаклі көрсетіледі. Қойылымды 4 және 5 қараша күндері көруге болады.

19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда "Елім деп күй төгемін" атты концерті өтеді. Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А.Чеховтың 2Вишнёвый сад" комедиясы өтеді.

4 қараша

11:00-де орыс драма театрында "Братец Лис и братец Кролик2 ертегісі, ал кешке сағат 18:00-де "Гроза" спектаклі өтеді.

12:00 және 16:00-де "Жастар" театрында А.Файзуллиннің "Үй таңдаған лақ" қойылымы өтеді.


Оқи отырыңыз: "Жалақы 60 мың-ақ теңге". Ринат Зайытов мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрады


4 және 5 қараша

16: 00-де елордалық циркте AQUAMARINE суындағы цирк бағдарламасы өтеді.

18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында "Жас Абай" спектаклі қойылады.

Осы уақытта Astana Ballet театрында Марат Бисенғалиевтің қатысуымен "Есімдер" концерті өтеді. Сондай-ақ, "Астана Опера" театрында "Махаббат музыкасы" концертіне немесе Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Түрік сериялдары әлемі" симфониялық музыка концертіне қатысуға болады.

5 қараша

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Супониннің "Коза-Дереза" ертегісі өтеді. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 18:00-де Н.Гогольдің Санкт-Петербург әңгімелеріне негізделген "Гоголь. Санкт-Петербург" сахналық қойылымы өтеді.

19.00-де елордалық "Жастар" театрында С.Дүйсенбиевтің "Махаббат миниатюралары" атты театрландырылған концерттік бағдарламасы өтеді.

20.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Владимир Высоцкийдің шығармашылығына арналған "Я люблю, и значит, я – живу!" қойылымы өтеді.


Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі: Енді жыл сайын кем дегенде 15 киноға қазақ тілінде дубляж жасалады


 

Серіктестер жаңалықтары