USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Республикалық "Ұлы дала жорығы" қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Марафоншылар Петропавлдан Астанаға дейін 500 шақырым жол жүреді.

"Ұлы дала жорығының" республикалық іріктеу турнирінің қашан және қайда өтетінін "JORYQ" республикалық ат спорты федерациясы хабарлады. 

Іріктеу турнирі 12 мамырда Петропавл қаласындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясы басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды және жорықшылар Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтеді. 

Федерацияның хабарламасына сәйкес, іріктеу турниріне қазіргі таңда жүріп жатқан аймақтық іріктеу турларының жеңімпаздары қатысады. Ал мамырда анықталған үздік үштік қыркүйекте өтетін "Ұлы дала жорығы" халықаралық турына жолдама алады. 

Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның KINES рекордтар кітабына енгізіледі.


Оқи отырыңыз: "Ұлы дала жорығы" биыл халықаралық деңгейге шығады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау