Тікелей эфир

Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты.

"Абай облысындағы ауқымды өрт салдарынан орман шаруашылығының бірқатар жұмысшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін", – деп жазылған хабарламада.

Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары