Қазақстан шаруашылықтары қысқа 42 млн тоннадан астам мал азығын дайындады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Шаруашылықтарда өткен қыстан қалған 3,6 млн тонна мал азығы бар.

Қазақстанда шаруашылықтар қысқы кезеңге 42 млн тоннадан астам мал азығын дайындады. Пішен мен сүрлем қоры жоспардан асып түсті. Бұл алдағы қыста мал шаруашылығын қажетті азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал азығының барлық түрінен 42 млн тоннадан астам қор жинаған.

Атап айтқанда, 26,9 млн тонна пішен дайындалды. Бұл жоспардың 104,8%-ын құрайды. Сондай-ақ 2,3 млн тонна пішендеме әзірленді. Оның көлемі жоспардың 99,4%-ына жетті. Бұдан бөлек, шаруашылықтар 2,9 млн тонна сүрлем дайындады. Бұл жоспардың 101,8%-ы. Сабан қоры 4,9 млн тоннаға жетіп, жоспар 103,4%-ға орындалды. Ал құнарландырылған мал азығының көлемі 5,5 млн тоннаны немесе жоспардың 95,8%-ын құрады.

"Мал азығының негізгі түрлері бойынша жоспарлы көрсеткіштердің артығымен орындалуы қосымша қор қалыптастыруға және алдағы қысқы кезеңде қолайсыз ауа райы жағдайларының ықтимал әсеріне мал шаруашылығы кәсіпорындарының төтеп беруіне жол ашады", – делінген министрлік хабарламасында.

Биылғы дайындалған азықтан бөлек, шаруашылықтарда өткен қыстатудан қалған 3,6 млн тонна мал азығы бар. Бұл қор да мал шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді азық ресурстарымен қосымша қамтамасыз ету үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ алдағы қысқы кезеңге арнап жемдік астық қорын қалыптастырады. Қажет болған жағдайда бұл астық резервтік ресурс ретінде пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының қорытынды кезеңіне мониторинг жүргізіп жатыр. Жұмыстардың мақсаты – қажетті азық қорын уақытылы қалыптастырып, мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеткілікті азықтық базамен қамтамасыз ету және алдағы қысты тұрақты өткізу.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау