KASE-дегі сауда қорытындысы: доллар бағамы төмендеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллар бағамы 1,79 теңгеге төмендеді.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге төмендеп, 452,12 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 454,14 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр.

Елордадағы басқа валюта бағамдары мынадай:

  • Еуро: сатып алу – 501,97 теңге, сату – 512 теңге;
  • Ресей рублі: сатып алу – 5,20 теңге, сату – 5,40 теңге. 

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 451,81 теңгеден сатып алынып, 453,74 теңгеден сатылып жатыр. Қаладағы еуро бағамы 505,46–510,01 теңге аралығында. Ресей рублі 5,23–5,34 теңгеден саудаланып жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау