Бүгін, 16 қазан күні кешке eGov жүйесінде қазақстандықтардың әл-ауқатын анықтауға арналған жаңа калькулятор жарияланады. Бұл туралы брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен ведомство өкілдері мәлімдеді.
Бұған дейін интернетте азаматтардың қай әлеуметтік санатқа жататынын анықтауға арналған калькулятор тараған еді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, оның ескі нұсқасы дұрыс емес.
"Бұрынғы, яғни ескі калькулятор теріс. Бүгін кешке біз eGov жүйесіне әл-ауқатты есептейтін жаңа калькуляторды жария етеміз. Азаматтар соған кіріп, өзінің әлеуметтік жағдайын анықтай алады", – деді министрлік өкілдері.
Жаңа калькулятор жарияланғаннан кейін азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өздерінің әл-ауқат деңгейін анықтай алады.
Журналистер ескі калькулятордың не себепті бұған дейін тарағанын және жаңа нұсқаны неге енді ғана жариялау жоспарланып отырғанын сұрады.
Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, жаңа калькулятор бұған дейін техникалық сынақтан өткен. Қазір оны пайдалануға толық дайын.
Бұған дейін жаңа калькулятор техникалық сынақтан өтті, қазір ол қолдануға толық дайын. Бұл жаңа калькулятор халықтың әл-ауқатын биыл 30 қыркүйекте қабылданған жаңа ережеге сай анықтайды, – деп жауап берді ведомство өкілдері.