ҚМДБ 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 8 ақпаннан басталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ораза айт 9 наурызға, ал Құрбан айттың бірінші күні 16 мамырға сәйкес келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлап, 2027 жылғы діни күндер күнтізбесін жариялады. 

2027 жылғы діни күндер кестесі. Графика: ҚМДБ ресми сайты

Жария болған кестеге сәйкес, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпан мен 8 наурыз аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 наурыз.

Ал Құрбан айт 16-18 мамыр аралығында мерекеленеді.

Ескерте кетейік, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау