Келесі аптада ауа райы күрт суытады

Көптеген өңірде жаңбыр, одан кейін қар жауады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстанда 18-19 қараша күндері ауа райы жауын-шашынды болып, 20 қараша күні, яғни дүйсенбіде күн күрт суытады деп күтілуде.

18 қарашада еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде, кезеңнің ортасында шығыста, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезеңнің ортасынан бастап соңы қармен ұласатын жаңбыр күтіледі.

"Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын күтіледі", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, республика бойынша жел 15-29 м/с күшейіп, тұман түсуі ықтимал.


Оқи отырыңыз: Ағзадағы қажетсіз заттардан арылуға ыстық су қалай көмектеседі? Диетолог маманнан кеңес


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз