Биыл Алматыда 1800-ден астам мопед айыппұл тұрағына қойылды

Жыл басынан бері мопедтің қатысуымен 930 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алматыда "Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, қала жолдарында апатты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар шаралар атқарылды.

Қаладағы жазатайым оқиғалардың жай-күйіне көліктердің баламалы түрлерінің: мопедтер мен электрсамокаттардың танымал болуы әсер етеді.

Талдау бойынша, жыл басынан бері мопедтің қатысуымен 930 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 953 адам зардап шекті, тағы 15 адам қаза болды.

"Қалада самокаттардың қатысуымен 127 ЖКО болды. 133 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Сонымен қатар жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 31 894 мопедист пен 28 мың 762 самокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1800-ден астам мопед қойылды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз