Биржадағы сауда қорытындысы: доллар құны түсті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллар бағамы 461 теңгеге дейін төмендеді.

Қазақстан қор биржасы (KASE)-дегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 3,23 теңгеге арзандап, 461,37 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен ресми бағам 464,73 теңге деңгейінде қалыптасты.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 459,88 теңгеден сатып алынып, 466,88 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ:

  • еуро 539,85–549,85 теңге аралығында,
  • рубль 5,99–6,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Алматы қаласында доллар орта есеппен 461,44 теңгеден сатып алынып, 463,79 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 542,13–547,78 теңге, ал рубль 6,02–6,15 теңге аралығында қалыптасқан.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз