Мусин қыркүйектің соңына дейін есеп беруге уәде берді.
"Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин тұрғындардың байланыс сапасына қатысты шағымына түсініктеме берді.
Бағдат Мусин компанияға қарайтын үш ұялы байланыс операторы бар екенін еске салды.
"Әрине, мен "Қазақтелекомға" тиесілі ұялы байланыс операторларына жауапты боламын. Сонымен қатар рейтингіде қандай орында тұратынымыз маңызды емес. Ең бастысы, қазіргі жағдайды түзеу үшін жұмыс істеу керек. Ұялы байланыстың қазіргі жағдайы елорда тұрғындарын қанағаттандырмайды, біз алға жылжып, кешегіден жақсырақ нәтижеге ұмтылуымыз керек", – деді Мусин.
Еске салайық, Бағдат Мусин цифрландыру министрі болып тұрғанда Астана интернет сапасы жағынан Токионы басып озды деп мәлімдеген еді.