Ауа райы
Бүгін +2…+7°
Ертең +2…+7°
Ауа райы Алматы +7°C
Тікелей эфир

9 қаңтарда Алматы мен Гонконг арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Рейс ұшақтары әрбір сейсенбі, бейсенбі және сенбі сайын жолаушыларды тасымалдайтын болады.

2027 жылғы 9 қаңтарда Алматы мен Гонконг арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Гонконг туризм кеңесінің Алматыға сапары аясында Cathay Pacific Airways әуе компаниясының жаһандық тікелей сауда бағытының жетекшісі Трэйси Ма хабарлады. 

Рейс әрбір сейсенбі, бейсенбі және сенбі сайын орындалады, ал ұшу ұзақтығы шамамен 7 сағатты құрайды. 

Трэйси Маның айтуынша, бұл рейс тек қана Гонконгтың ғана емес, сонымен бірге Алматы мен бүкіл Қазақстанның туризмін дамытуға өз септігін тигізеді. Осы орайда, жаңа рейстің ашылуына орай, компания бірқатар жеңілдіктер әзірлеген. Мәселен, жыл соңына дейін билет сатып алғанда 10 пайыздық жеңілдік беріледі, сондай-ақ Гонконгта өтетін түрлі мәдени шараларға да жеңілдіктер ұсынылады. Ерекше акциялардың бірі – ерлі-зайыптылар бір билет сатып алғанда екіншісі тегін беріледі. 

Гонконг туризм кеңесі жаңа рейстің іске қосылуы қарсаңында қазақстандық туристік агенттіктермен де кездесті. Оның аясында Гонконгтың әуе компаниялары, қонақүй бизнесі, туристік нысандары мен туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету саласындағы компаниялардың өкілдері Қазақстанның туристік индустриясындағы 100-ден астам маманмен жүздесті. Тараптар Гонконгтың туристік мүмкіндіктерін таныстырып, нарықтағы жағдай туралы ақпарат алмасты және қазақстандық саяхатшылардың сұранысына сай туристік өнімдерді әзірлеу жолдарын талқылады.

Бұл сапар HKTB-ның Орталық Азияны шетелге саяхаттайтын туристер үшін әлеуеті жоғары нарық ретінде қарастырып отырғанын көрсетеді. Аймақта Қытайға сапарлауға қызығушылық артып келеді. Осы орайда Гонконг жеке туристік бағыт ретінде де, Қытайдың құрлықтағы бөлігіне және Азия-Тынық мұхиты өңірінің өзге елдеріне жол ашатын халықаралық көлік торабы ретінде де тартымды бола алады.

Қазақстандағы ірі туроператор әрі туристік агенттік I Tour маркетинг және сату директоры Дарья Зейфтің айтуынша, қазақстандықтардың Азия елдеріне саяхаттауға қызығушылығы артып келеді. Әсіресе жаңа бағыттар мен ерекше әсер іздейтін отбасылар, жұптар және өз бетінше саяхаттайтын туристердің сұранысы жоғары. Оның пікірінше, мәдениет, ойын-сауық, белсенді демалыс, сауда және жыл бойы өтетін іс-шараларды біріктіретін Гонконг Азия бойынша туристік маршруттарға қосымша бағыт бола алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз