Cathay Pacific әуе компаниясы 2027 жылғы 9 қаңтардан бастап Алматы мен Гонконг арасында тікелей рейстер орындайтынын хабарлады. Бұл екі қала арасында алғашқы әрі жалғыз рейс болмақ.
Компанияның мәліметінше, рейстерді Airbus A330-300 ұшақтары әр сейсенбі, бейсенбі және сенбі орындайды. Алматыдан ұшақ жергілікті уақыт бойынша 21.50-де ұшса, Гонконгтен 16.25-те аттанады. Ұшу ұзақтығы – шамамен 9 сағат.
Компания өкілдерінің айтуынша, Алматының Гонконгпен тікелей байланысының ашылуы әуе тасымалдаушысының маршруттық желісін кеңейтіп қана қоймай, Гонконг пен "Бір белдеу – бір жол" бастамасына қатысушы елдер арасындағы көлік байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Cathay Cargo желісі арқылы қазақстандық тауарларды негізгі халықаралық сауда бағыттарына жеткізуге, сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігін кеңейтуге және ел экономикасының негізгі салаларын қолдауға жағдай жасалады.
Айта кетейік, жаңа бағыттың іске қосылуына байланысты Cathay Pacific Қазақстандағы жолаушыларына арнайы акция ұсынып отыр. Алматыдан Гонконгке және компанияның басқа бағыттарына ұшатын билеттерге 15 мың теңге жеңілдік қарастырылған.
Акция бойынша билеттерді 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін сатып алуға болады. Жеңілдік 2027 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы сапарларға қолданылады.
Tickets.kz сервисінің мәліметінше, билет құны бір бағытқа шамамен 195 мың теңгеден басталады.
Электрондық темекіге тыйым. СІМ Гонконгқа баратын қазақстандықтарға ескерту жасады
Ұшақта домбыра алып жүруге рұқсат: Көлік министрлігі жаңа ереже ұсынды