Тамыз ҰБТ-сын 20 мыңнан астам адам тапсырады
Тамыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Оған қатысуға 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестілеуге қатысушылар емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады.
"Шекті балл жинай алмаған талапкерлердің ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет. Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгертіп, тестілеуге қатыса алатынын айта кеткен жөн", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Еске салайық, тамыз ҰБТ-сына биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады. Сонымен қатар жоғары оқу орнына ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.
Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсу мүмкіндігі кімдерге беріледі?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-