"Қазақтелеком" АҚ абоненттері байланыс қызметтері үшін бұрынғыдан көбірек ақы төлейтін болады. Компания мұның себебін Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің өсуімен түсіндірді.
Оператордың хабарлауынша, байланыс қызметтеріне арналған тарифтер ҚҚС-сыз бекітілген және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгермеген.
"Төлем сомасының өсуі тек Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін көтерілуіне байланысты. Бұл компания тарапынан тарифтің өзгеруі емес — ҚҚС-сыз тариф құны бұрынғы деңгейде қалды. Келісімшарттық тарифтер заңды және абоненттің ерікті таңдауы", – делінген компания жауабында.
Сонымен қатар "Қазақтелеком" ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша түсініктеме берді.
Компанияның айтуынша, келісімшартта көрсетілген тұрақты тариф қызметтің салықсыз құнына ғана қатысты, ал ҚҚС мөлшерлемесін мемлекет белгілейді және ол қызметтің толық сомасына қолданылады. Осыған байланысты келісімшарт шарттары сақталғанымен, соңғы төлем көлемі артқан.
USD:
511.5 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.23 / 6.43