Тоқаев: Жеті жылда елімізде 1342 мектеп пен 1200-ден астам медициналық нысан салынды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Қазақстан экономикасына жеті жылда $162 млрд-тан астам инвестиция тартылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында еліміздің соңғы жеті жылдағы экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерін атады.

Президенттің айтуынша, осы кезеңде Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласында бірқатар маңызды көрсеткіш өскен. Азаматтар жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін нақты көріп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жеті жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға өсіп, 306 миллиард долларға жеткен.

"Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Осы кезеңде елімізге 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды", – деді президент.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асқан. Сонымен қатар Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы көрсеткіштерге де тоқталды. 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынған. Оның айтуынша, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткен. Осы кезеңде 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылған.

Сондай-ақ жеті жыл ішінде 35 мың шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, жөнделген.

"Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады. Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау