Доллар бағамы 1,57 теңгеге өсті.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,57 теңгеге қымбаттап, 475,38 теңге болды. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 473,59 теңге деңгейінде белгіленген.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар – 469,00 / 476,00 теңге;
- еуро – 538,00 / 548,00 теңге;
- рубль – 5,53 / 5,73 теңге.
Ал Алматыдағы айырбастау пункттерінде:
- доллар – 473,18 / 475,19 теңге;
- еуро – 541,56 / 546,73 теңге;
- рубль – 5,60 / 5,73 теңге.