Қаламгер: Бастауыш сыныптарда таза қазақ тілі оқытылса – дұрыс болады

Жазушы қазір қазақ тілін үйренуге деген жақ¬сы тенденция қалыптасып келе жат¬қанын айтты.

Жазушы Сәуле Досжан "Айқын" басылымына берген сұхбатында қазақ тілінің мәртебесі жөнінде пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанда қазір қазақ тілін үйренуге деген жақ­сы тенденция қалыптасып келе жатыр.

"Әсіресе, қазақстандық өзге ұлт өкілдері, Қазақстанға келіп жатқан шетелдіктер тіл үйренуден кетәрі емес. Бұл жердегі өзіміздің "қара орыста­рымыз", яғни орыстілді қазақтар үй-ішін­де орысша сөйлесіп, солардың ба­лаларының тілі орысша шығып келе жатыр. Қазақ тілін бойға сіңіруді бала­бақшалардан бастау керек. Қазіргі әлемдік жағдайды пайдаланып қазақ тілімізді тезірек көш ілгері дамытып алсақ, жақсы болар еді", – деді Сәуле Досжан.


Оқи отырыңыз: "Қазақша үйренгісі келетіндер көп". Орыс жігіт қалай қазақ тілі клубын құрды?


Қаламгер, сондай-ақ, бастауыш сыныптарда тек қазақ тілін оқыту жөніндегі ұсынысын да айтты.

"Мен талай жыл орыс тілі мен ағыл­шын тілдерінің тасасынан шыға алмай келген қазақ тіліміздің өз мәртебесін алуы үшін дауыс берер едім. Бастауыш сыныптарда таза қазақ тілі оқытылса дұрыс болады. Орыс тілі мен ағылшын төртінші сыныптан қосылса да, жас бала санасы оны қабылдамай қоймайды емес", – деді жазушы.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары