Новости спорта

Магистратураға тапсырғандардың жартысынан астамы шекті балл жинай алмады

Тестілеуге кіргізу кезінде тест тапсырушының орнына кірмек болған төрт адам анықталған. 

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижелерін жариялады.

Биыл талапкерлерден магистратураға түсуге 46 066 өтініш түскен. Оның тек 35 мыңға жуығы ғана кешенді тестілеуге қатысты. Нәтижесінде тест тапсырушылардың 45 пайызы ғана шекті балл жинады. Орташа балл – 72 баллды құрайды.

Сонымен қатар ереже бұзғаны үшін 265 адамның нәтижесі жойылды. Атап айтқанда:

  • тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 144 оқуға түсуші тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 117 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды қайта қарау кезінде 4 адамның нәтижесі жойылды.

Сондай-ақ, тестілеуге кіргізу кезінде тест тапсырушының орнына кірмек болған төрт адам анықталған. 


Оқи отырыңыз: Магистратураға үміткерлер қандай жағдайда шет тілі тестілеуінен босатылады?


 

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары