USD: 485.5 / 488.1
  • EUR: 554.5 / 559.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Магистратураға үміткерлер қандай жағдайда шет тілі тестілеуінен босатылады?

Бұл үшін КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілеу қажет.

Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар магистратураның кешенді тестілеуінің шет тілі бойынша сынағынан босатылады, деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі. 

Ағылшын тілі:

  • IELTS Academic – кемінде 6,0;          
  • TOEFL IBT – кемінде 60;      
  • TOEFL PBT – кемінде 498.       

Неміс тілі:

  • DSH – Niveau С1/C1 деңгейі;  
  • TestDaF-Prufung – NiveauC1/ C1 деңгейі.       

Француз тілі:

  • TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;
  • DELF – B2 деңгейі;
  • DALF – C1 деңгейі;
  • TCF  – кемінде 50 балл.

Оқи отырыңыз: Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде 2 жылға ашу керек


"КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілейсіз. Сертификаттары бар тұлғаларға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз