Мәжілісмен Мәди Елубаевтың айтуынша, ауыл халқының нақты санын ешкім білмейді.
Ауылда нақты тұратын халық пен сол ауылда тіркелген тұрғындар саны сәйкеспейді, көп елді мекендерде айырма 5-6 есеге дейін жетеді, деді мәжіліс депутаты Мәди Елубаев ішкі істер министрі мен стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік төрағасына жолдаған сауалында.
"Шалғайдағы ауылдардың мардымсыз дамуына байланысты азаматтардың қалаларға қоныс аударуы байқалады. Бірақ, олар қалада үй ала алмағандықтан, қалаға жақын маңдағы ауылдарға қоныстанады. Содан әлеуметтік қызметтер алу үшін қалада тіркелуге мәжбүр болады", – дейді депутат.
Депутат ауылда тұратын барлық халықтың онда тіркелуі қажет екенін, ал тіркелмеген халық ол ауылда есепке алынбайтынын айтты.
"Мысалы, ауылда жалпы алғанда 30-35 мың адам тұрса, ал 5-7 мыңы ғана тіркелген. Өкінішке қарай, бүгінгі күні статистиканы жүргізетін органдар ауылда тұратын халық саны бойынша нақты сандарды бере алмайды", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: Президент Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырды
Мәди Елубаев прездиенттің ауылды дамыту туралы жарлығына сүйене отырып, оны іске асырудың сапасы мен кейінгі тиімділігі ауыл тұрғындары мен олардың қажеттіліктері туралы деректердің сапасы мен өзектілігімен тікелей байланысты екенін айтты.
"Әйтпесе біз мектептерінде оқушылары үш ауысымнан оқитын немесе 20-30 мың адам саны бар ауылдарда науқастардың тек фельдшерлік-акушерлік пунктке ғана жүгіне алатын ауылдардың санын көбейту қаупін тудырамыз", – деді ол.
Депутаттың айтуынша, елді мекендердегі тұрғындардың нақты санын ескеруге мүмкіндік беретін өзгерістер қажет.
Оқи отырыңыз: Ауылдардағы денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін неше жыл қажет?
Депутат бұл үшін Ішкі істер министрлігіне, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне бірнеше ұсыныс жасады:
- тұрғындардың саны мен құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін өзгерту,
- уақытша тіркеуді қадағалау механизмдерін әзірлеу,
- республика азаматтарының тіркелуіне және уақытша тіркелуіне қатысты бақылауды арттыру.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Премьер-министр инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынады
-
427
-
0
-
2
-
-
2Павлодар облысының әкімі Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеуді тапсырды
-
377
-
0
-
2
-
-
3📚 Ұлттық академиялық кітапхана басшысы: Бізде кітапхана туралы заң жоқ
-
363
-
0
-
1
-
-
4«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
-
352
-
0
-
2
-
-
52023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылады
-
332
-
0
-
4
-
-
6🏸 Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің топ-10 үздік теннисшілер қатарына кірді
-
313
-
0
-
9
-
-
7Былтыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 203 адам қаза тапты
-
293
-
0
-
1
-
-
830 қаңтар – 4 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
282
-
0
-
3
-
-
9АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?
-
274
-
0
-
1
-
-
10Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
-
238
-
0
-
2
-