Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жақсарту жоспарын орындауға 217 млрд теңге қарастырылған.
Ауылдағы денсаулық сақтау саласы үшін 2023-2024 жылдары 655 нысан салынады, 32 ауданаралық, аудандық мамандандырылған-көпсалалы аурухана ұйымдастырылады, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет кулуарында. Оның айтуынша, 5 жыл ішінде ауылдағы денсаулық сақтау саласын жақсартуға болады.
Министр жаңадан салынатын медицина нысандарына қанша дәрігер қажет екенін атады.
"Ауылда салынған ауруханалар үшін 300-ден астам медицина қызметкері қажет. Оның ішінде 52-сі – дәрігер. Ал аудандық көпсалалы ауруханалар үшін 734 маман қажет. Бұл жерлерге дәрігерлер көбірек керек. Себебі, мұнда мамандандырылған, атап айтқанда инсульт, инфаркт, хирургия сынды орталықтар болады", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Ажар Ғиният Астана медицина университеті туралы: Қатаң шара қолданамыз
Министрдің айтуынша, ауылдағы денсаулық сақтау саласына қатысты жоспарларды орындау үшін 217 млрд теңге қарастырылған. Қаражат құрылыс, құрал-жабдық сатып алу мен күрделі жөндеуге жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен де инфрақұрылым мен дәрігерлерге арналған көмек, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға қаржы бөлінеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
301
-
0
-
3
-
-
2👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
277
-
0
-
1
-
-
3🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
264
-
0
-
11
-
-
4🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
256
-
0
-
5
-
-
5👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
255
-
0
-
5
-
-
6🏙 Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады
-
258
-
0
-
2
-
-
7😱 Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады
-
262
-
1
-
11
-
-
8🇰🇿 Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін
-
287
-
0
-
5
-
-
9🇰🇿 Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
-
286
-
0
-
2
-
-
10🔌 Жазда балалардың электр тоғымен зақымдануы жиілейді. Одан қалай сақтану керек?
-
321
-
0
-
4
-