USDUSD: 515.9 / 518.3
  • EUREUR: 583.5 / 587.5
  • RUBRUB: 6.11 / 6.23
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытады

Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында жауын-шашын жалғасады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Түнде ауа температурасы:

  • батыста – минус 10-20°С дейін;
  • солтүстік-батыста және солтүстікте – минус 28-38°С дейін;
  • қиыр солтүстікте – минус 42°С дейін;
  • республиканың орталығында және шығысында – минус 28-33°С дейін;
  • Қазақстанның оңтүстік облыстарында – минус 5-13°С дейін төмендейді.

Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.


Оқи отырыңыз: Бурабайдағы қысқы демалыс: Туристерді қандай қызықтар күтеді?


 

Серіктестер жаңалықтары