Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады. Бүгін Арапа күні.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Қазақстан өңірлерінде құрбан айт намазының оқылу уақытын жария етті.
Құрбан айт намазының кестесі
Биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады. Ал Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. Құрбан айт намазынан кейін 3 күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбан шалу – міндет.
Қазақстанда құрбандық шалу рәсімі онлайн және офлайн форматта өтеді:
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда құрбан шалу рәсімін дәстүрлі жолмен ұйымдастыру. Ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратындарға есік алдында құрбандық шалуға ешқандай шектеу жоқ;
Ел азаматтары, әсіресе, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында рәсімді қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайты іске қосылды. Онлайн құрбан шалу мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу.
Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты.
Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на .
Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".