Бала отырған көлікте темекі тартқан азаматтарға айыппұл салынады

Айыппұл көлемі 15 айлық есептік көрсеткіш не 43 755 теңгеге тең.

Сенат депутаттары дәл осындай шектеу жазылған заңға қол қойды. Ал мұндай айыппұлды бұрынғыдай жол полицейлері емес учаскелік полиция қызметкерлері сала береді, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Учаскелік полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруі мен көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасауын да бақылауға алады. Сенаторлар бұл жаңашылдық, әсіресе ауылдық жерлерге қатысты екенін айтты. Өйткені елді мекендерде заң бұзғандарды орталыққа жеткізудің өзіне біршама уақыт кетеді.

Сондықтан айыппұл салу құзыреті берілген учаскелік полиция қолдағы бар дәлелдерімен әкімшілік хаттама толтыра алады. Ал айыппұл көлемі 15 айлық есептік көрсеткіш яғни заң бұзған адам 43 755 теңге төлеуі тиіс.


Оқи отырыңыз: Темекі, ішімдік және есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?


Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз