USD: 471.3 / 473.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

UFC президенті: Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын ресми түрде аяқтады

UFC президенті: Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын ресми түрде аяқтады
Хабиб иелік еткен чемпиондық белдікке 15 мамырда америкалық Майкл Чендлер мен бразиялиялық Шарлис Оливейр таласады. 

Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің спорттық мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы UFC президенті Дэйна Уайт хабарлады.

"Ол 100% ресми түрде мансабын аяқтады. Сенің қалай жұмыс істейтініңе қараудың өзі керемет еді, бәрі үшін рахмет, досым", – деп жазды Уайт. 

Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін өзінің мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын. Бұл шешімін ол анасына берген уәдесімен түсіндірді.

32 жастағы Хабиб аралас жекпе-жекте 29 рет ұрысқа түсіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. UFC бойынша оның жеңістерінің саны 13. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау