Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқармасының төрағасы Жәмила Баттақованың төрағалық етуімен Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдері бойынша 2022-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы талқыланды. Оның негізгі бағыттары: дұрыс тамақтану, темекі шегу мен ішімдік ішуді азайту, дене белсенділігін және денсаулық сақтауды дамыту, психикалық және репродуктивті денсаулықты сақтау.
Жоба жүзеге асқан жағдайда 2025 жылға қарай күтілетін нәтижелер:
- азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру;
- салауатты өмір салтын жүргізетін азаматтар үлесін 5%-ға дейін өсіру;
- жұқпалы емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету;
- халықтың денсаулық сақтау саласындағы сауаттылығын 70%-ға дейін арттыру;
- артық салмағы бар және семіздікке шалдыққан балалар үлесін 10%-ға дейін төмендету;
- тұзды тұтынуды тәулігіне 5 грамға дейін азайту.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес бекітілген Қазақстанның 2025 жылға дейін Ұлттық даму жоспарында көзделген ең бірінші міндет – салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқи отырыңыз: Темекі, ішімдік және есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?