Мәжіліс депутаты ұлдарын кінәлі деп санамайтынын айтты.
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарының үстінен іс қозғалуына байланысты пікір білдіріп, мандатынан бас тартпайтынын айтты.
"Заң әлі күшіне енген жоқ. Мен екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Апелляцияға береді. Мен оған араласқым келмейді. Әркім өзінің тірлігіне жауап береді", – деді Жигули Дайрабаев.
Журналистер депутаттан "Осы жағдайға байланысты мандатыңыздан бас тартасыз ба?" деп сұрады.
"Мен ешқандай мандаттан бас тартпаймын. Парламент қабырғасында жүріп еңбек еткенімде халыққа көп пайдам тиеді. Мен мандатсыз да ауыл шаруашылығы мәселесімен айналысып жүрген адаммын. Алғаш рет депутат болып тұрған жоқпын. Осыдан отыз үш жыл бұрын парламенттің депутаты болған адаммын. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған, Қазақстанның символикасын, алқашы Конституциясын қабылдаған азаматтың бірімін. Мен елім, жерім үшін қызмет жасаймын. Менің қазаққа, қазақстандықтарға көп пайдам тиеді. Ауыл шаруашылығы мәселесіне, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне. Ат төбеліндей адам шулады екен деп, мандатымды тастамаймын. Мандат – ойыншық емес, халықтың сенімі. Бізге дауыс берген 700 мыңнан астам сайлаушы бар. Мен халықтың сенімін ақтаймын. Кеудемде жаным соғып тұрса, қазақ үшін жұмыс жасаймын", – деді Жигули Дайрабаев.
Журналистер одан "Демек сіз ар сотының алдында өзіңізді кінәлі сезінбейсіз бе?" деп сұрады.
"Менің арым да, ұятым да таза", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: Депутат мүгедек балаларды ұшақпен тегін тасымалдауды ұсынды
Айта кетейік, 6 сәуірде Тараз соты Жигули Дайрабаевтың ұлдары Дидар Молдахалық пен Марат Дайрабаевты 550 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияны жымқырды деп айыптап, әрқайсысын бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған еді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
297
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
279
-
0
-
0
-