Тікелей эфир

ЖОО-ға түсу арналған шығармашылық емтихандарға құжат 7 шілдеге дейін қабылданады

Емтиханның өту мерзімін әр ЖОО өзі белгілейді.

Шығармашылық емтихандарға құжаттар 20 маусым мен 7 шілдесі аралығында қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. Емтихан тапсыру мерзімін әрбір ЖОО дербес айқындайды.

Дегенмен, грант конкурсына қатысу үшін емтихандарды 13 шілдеге дейін, ал ақылы оқуға түсу үшін 20 тамызға дейін тапсыру керек.

Емтихандар офлайн форматта өтеді.

"Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер ("Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" балдары ескеріледі) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобын таңдай алады. Бұл ретте оның "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша балдары ғана ескеріледі", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.


Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсырушылардың төрттен үші қазақ тілін таңдады


 

Серіктестер жаңалықтары