Тікелей эфир

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды

Үшінші күдікті вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланған.

Алматы қаласында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша қамауға алынды. 

"Тергеу сотының қаулысына сәйкес Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталды. Кейін тергеу соты оларға қатысты "кепілмен босату" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ал үшінші күдікті вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев: Мен керісінше жәбірленушімін


"MUDARABAH CAPITAL" қатысушылары – Ш. және Т. есімді азаматтарға қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде "кепіл" санкциясын берген, сондай-ақ, М.есімді және К.есімді азамат, сотқа дейінгі тергеу барысында "үйқамаққа" алынған. Қылмыстық іс бір топ азаматтың "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD Technology" ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция Департаментінде тіркелді", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 пайызын төлеуге міндетті болды, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Серіктестер жаңалықтары