USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

ҚМДБ қызметкерлерін "тозақ иттері" деп балағаттап, домбыраға тіл тигізген ер адам 3,5 жылға сотталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Сот талқылауы барысында 35 жастағы айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.

Ақтөбеде ұлттық аспап – домбыраға тіл тигізіп, желіде діни алауыздықты қоздырған қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Қоғамның ашуын туғызған 35 жастағы азамат енді үш жарым жылын темір тордың артында өткізеді.

Сот залында белгілі болғандай, айыпталушы өткен айда әлеуметтік желідегі танымал TikTok платформасында тікелей эфирге шыққан. Трансляция барысында ол қазақтың қасиетті қос ішекті аспабын балағат сөздермен қорлап, оны "ұлтқа жат әрі харам дүние" деп мәлімдеген. Оған қоса, желі қолданушысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлеріне де тіл тигізіп, оларды "тозақтың иттері" деп атаған.

Тергеу материалдары мен сараптама қорытындылары ер адамның бұл әрекетінде діни алауыздықты қоздыру және азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар екенін толық дәлелдеді. Оның бұл мәлімдемелері қоғамда үлкен наразылық пен резонанс тудырған болатын. Сот талқылауы барысында 35 жастағы айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Ол өз сөздері үшін қазақстандықтардан және жалпы халықтан ашық түрде кешірім сұрады.


Оқи отырыңыз: "Шабыттағы" шу: Меруерт Өтекешова мен декан арасындағы дауға не себеп болды


Қылмыстық істі қараған сот барлық дәлелдемені, айыпталушының кінәсін мойындауын ескере келе, оны кінәлі деп таныды.

"Сот үкімімен айыпталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз