Таңдаған турға билетті де қосымша арқылы сатып алуға болады.
Танымал актер әрі саяхаттаушы блогер Әнуар Нұрпейісов "Таулар" атты жаңа стартап-жобасын таныстырды. Аталған қосымшада жуырда болатын турлар туралы ақпарат ұсынылған.
"Соңғы жылдары қандай көрікті елде тұрып жатқанымызды мойындадық. Тіпті, скептиктердің өзі пандемия басталып, шекаралар жабылған соң, ішкі туризмге басқаша қарай бастады. Ішкі туризмде бум болатынын мойындауымыз қажет. Күн сайын тур ұйымдастыратын компаниялар ашылып, жаңа демалыс орындары құрылуда. Мұның адамды қуантпай қоюы мүмкін емес", – деді Әнуар Нұрпейісов.
Қосымшаны Play Market арқылы жүктей аласыз:
- басты бетте жақын күндері болатын турлар туралы ақпарат бар. Солардың бірін таңдауға, сондай-ақ, нақты бір уақытқа тур іздеуге болады;
- таңдаған соң есіміңіз мен телефон нөміріңізді жазу қажет. Кейін телефоныңызға SMS арқылы билет сатып алуға сілтеме келеді;
- келесі қадам – тур ақшасын төлеу. Қайта тіркелудің немесе ұйымдастырушыларға қоңырау шалып жатудың қажеті жоқ.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда call-орталыққа хабарласа аласыз. Гидтің нөмірі турға бір күн қалған кезде қосылады. Осының арқасында олар көп уақытын турды ұйымдастыруға жұмсайды. Мұнымен қатар, осы жүйенің арқасында турлардың адамдар арасында қаншалықты танымал екенін анықтауға болады.
Қосымшадағы гидтер барлық техникалық талапқа сай келеді және профильде өзі туралы толық ақпарат бөліседі.
Әнуар Нұрпейісовтың айтуынша, жаз айларында жобаға Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Ақтау және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қосу жоспарда бар. Қазірдің өзінде 50-ге жуық өтінім келіп түскен.
Турлардан бөлек rope-jumping, атпен серуендеу туралы ақпараттар жарияланады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
175
-
0
-
2
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
161
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
153
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
130
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
128
-
0
-
2
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
119
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
114
-
0
-
1
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
110
-
0
-
1
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
111
-
0
-
1
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
108
-
0
-
0
-