Тікелей эфир

Қазақстанда тұтынушылар құқығы жиі бұзылатын салалар көшін медицина бастап тұр

Бестікке медицинадан бөлек, теміржол көлігі, қалааралық, халықаралық тасымал, соның ішінде такси қызметі, білім беру және байланыс қызметтері енген.

Ranking.kz хабарлауынша, Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің зерттеуіне сәйкес, сауда мен қызметтің 20 саласын бағалаған респонденттердің 67%-ының ғана қызмет көрсету сапасына көңілі толады. Қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқығы ең жиі бұзылатын 5 сала:

  • медицина – 45,9%;
  • теміржол көлік қызметі – 43,2%;
  • қалааралық, халықаралық тасымал, соның ішінде такси қызметі – 42%;
  • білім беру қызметі – 41,6%;
  • байланыс қызметі – 35,9%.

Қызмет көрсету саласының сапасы нашар болуына қарамастан, бағасы жылдан жылға өсіп келеді. 2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша, ақылы қызмет бағасы орташа есеппен 5,6% өсті:

  • денсаулық сақтау саласының қызметтері – 6%;
  • көлік – 7,9%;
  • байланыс – 2,4%;
  • білім – 4,1%;
  • медицина саласындағы амбулаториялық қызмет – 5,7%;
  • дәрігердің алғашқы қабылдауы – 7,1%;
  • тіс дәрігері қызметі 5,5%;
  • теміржол транспорты – 5,4%;
  • автомобиль – 2%;
  • әуе транспорты – 26,2%;
  • интернет пен кабельдік телеарна – 2,5%;
  • ұялы телефон 1,9% қымбаттады.

Стационарлық телефонға абоненттік төлем сол күйі қалса, орта білім алу құны 4,5%; кәсіби орта білім бағасы 4,4% қымбаттаған. 

Қазақстан өңірлері бойынша, ақылы қызмет батыс өңірлерде айтарлықтай қымбаттаған: Ақтөбе облысында – 8,8%, Маңғыстау облысында – 7,9%, Атырау облысында – 6,6%. Ал ең азы: Қарағанды облысында – 4,5%, Алматы қаласында – 4,8%, Алматы облысында – 4,8%.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары