Тікелей эфир

Мәжіліс депутаты: Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен

Қазақстанда 2 сүт өңдеу ірі кәсіпорны мен 12 құс фабрикасының жұмысы тоқтады.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа жолдаған депутаттық сауалында ауылшаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығына қатысты мәселелерді атап өтті.

Депутаттың айтуынша, Алматыдағы "Агропродукт" және Солтүстік Қазақстан облысындағы "Маслодел" сүт өңдеу ірі кәсіпорны жабылды.  

"12   құс   фабрикасының   жұмысы   тоқтатылып,   Ресей,   Беларуссия, Өзбекстаннан   құс   өнімі   импорты   артып,   Қытайдан   сапасы   күмәнді өнімдер көптеп әкелінуде. Ақпан-шілде айларында  ресей және беларусь шұжық өнімдерінің бағасы Қазақстан нарығында екі есеге төмендеп кетті. Қазақстандық ет кәсіпорындары қоймаларға жұмыс істеуде", – деп жазды Ерлан Саиров.


Оқи отырыңыз: "Мемлекеттік субсидия қарызды өтеуге жұмсалған". Депутат Gosagro жүйесін сынға алды.


Ол мал шаруашылығында да жағдай  өте ауыр екендігін айтты.

"Тірі малды әкетуге тыйым салу,  ірі қараны экспортты квота жасау шаралары да теріс нәтижелер берді. Ауылда жеке үй шаруашылықтары өздерінің малын өткізуге зар болып қалды. Соның нәтижесінде малға   қарап   отырған   ата-аналар   балаларын мектепке дайындауға ақшалары жоқ!  Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен", – деп жазылған депутаттық сауалда.

Серіктестер жаңалықтары