Жиналған қаржыны не жоғары білім алуға, не тұрғын үй алуға ғана жұмсауға болады.
Ашық НҚА порталында Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы жарияланды.
Жобаға сәйкес, Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жетілдіруді көздейтін "Келешек" бірыңғай ынтымақты білім беру жинақтау жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
Ата-ана баласының болашақта жоғары білім алуы үшін ақша жинау мақсатында "Келешек" жүйесінде бірыңғай білім беру шотын ашады. Бұл шот "Әлеуметтік әмиянмен" бірігеді және отта жиналған қаражатқа мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау түріндегі сыйақы қосылып отырады.
Егер талапкер бала мемлекеттік грант жеңіп алған жағдайда, жиналған қаражатты баспана алуға жұмсауға болады.
Еске салайық, ғылым және жоғары білім министрі бұл жүйеге қатысып, айына 2 АЕК cалып, 9 млн теңге жинауға болатынын айтқан болатын. Ол туралы осы жерден оқуға болады.
Оқи отырыңыз:
- Саясат Нұрбек: 5-10 жылдан соң мемлекет білім гранттарын қаржыландыра алмай қалуы мүмкін
- Саясат Нұрбек ғалымдардың ғылымнан неге жаппай кетіп жатқанын түсіндірді
Ғылым және жоғары білім министрлігі "Келешек" жүйесі іске қосылған жағдайда алдағы 18 жылда бюджеттің кемінде 15 трлн теңге қаражатын үнемдеуге болатынын алға тартып отыр.
"Жаңа схема азаматтар мен мемлекеттің ынтымақтастығына, тәуелділікті тоқтатуға, 100% білім берумен қамтуға, бюджеттік шығыстарды оңтайландыруға, ата-аналардың қаражатын тиімді жоспарлауға, кәсіпті саналы түрде таңдауға бағытталған. Жалпы, "Келешек" бірыңғай ортақ жинақтаушы жүйесін құру білім беру саласындағы қаржы ағындарының ашықтығын, білім беруге бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, білім беру саласындағы қызметтердің қаржылық қамтамасыз етілу индикаторын және оларды болжау құралын жүргізуге мүмкіндік береді" делінген тұжырымдама жобасында.
Құжат жобасын Ашық НҚА порталында 3 наурызға дейін онлайн талқылауға болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-