Мәжіліс төрағасы президент болу үшін 7 жыл жеткілікті мерзім екенін айтты.
Мемлекет басшысы неғұрлым өзінің лауазымында ұзақ отырса, соғұрлым саяси монополия орнайды, деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Хабар 24" арнасының "Бетпе-бет" бағдарламасына берген сұхбатында.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқан президентті 7 жыл мерзімге тек бір рет сайлануы туралы ұсынысы – үлкен жаңалық болды. Тек қана Қазақстан халқы үшін емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін күтпеген жаңалық болды деп ойлаймын. Бұл қазіргі кезде өркениетті жолға салатын бастама. Себебі, әлемдегі көптеген мемлекеттерден көріп отырғанымыздай, мемлекет басшысы неғұрлым өзінің лауазымында ұзақ отырса, соғұрлым саяси монополия орнайды. Билік бір ортаға, бір топтың қолына шоғырлана бастайды. Байлық та, капитал да бір топтың қолына шоғырланады. Бұл мемлекеттің дамуына үлкен кесірін тигізеді", – деді мәжіліс төрағасы.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын 2022 жылғы күзде өткізуді ұсынды
Ерлан Қошанов 7 жыл – әр президетке халыққа берген уәдесін, өзінің бағдарламасын орындауға, бастаған реформаларын аяғына дейін жеткізуге жеткілікті мерзім екенін атап өтті.
"Біздің жеті айда өткен жолымыз он жылға бергісіз. Қаншама реформалар, қаншама тағдыршешті мәселелер шешіліп жатыр. Сондықтан 7 жыл – өте жеткілікті мерзім. Бұл – жаңа саяи мәдениеттің қалыптасуы. Сондықтан, басқа мемлекеттерге үлгі болады деп ойлаймын", – деді Ерлан Қошанов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-