Тікелей эфир

Еркек тоқты мен бұқашық экспортына қатысты шектеулер енгізіледі

Алты айға дейінгі еркек тоқты мен 1 жас толмаған бұқашықтарды мүлде елден шығаруға болмайды.

Биылғы 5 маусымда Ауыл шаруашылығы министрлігі еркек тоқтылар мен бұқашықтарды экспорттауға квота белгілеу туралы бұйрық шығарған болатын. Оған сәйкес, жылына 60 мың бас бұқашықтар мен 120 мың бас еркек тоқтының экспортына рұқсат етілген.

Енді министрлік бұйрыққа өзгерістер енгізіп, экспортталатын бұқашықтар мен еркек тоқтылардың жасына қатысты шектеу енгізбек. Атап айтқанда, құжат қабылданса, Алты айға дейінгі еркек тоқты мен 1 жас толмаған бұқашықтарды экспорттауға тыйым салынады.

"Бұл бастама жас малдардың экспортын болдырмау және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында қолға алынып отыр", – деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 шілдеге дейін.


Оқи отырыңыз: Камриден қымбат қошқар. Гиссар тұқымы Қазақстанның қой шаруашылығын дамыта ма?


Еске салайық, Қазақстанда 30 маусымнан бастап ірі қара мен ұсақ малдың аналықтарын ел аумағынан шығаруға тыйым салынады.

Серіктестер жаңалықтары