USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Астана әуежайындағы өртке байланысты 18 рейс кейінге қалдырылды, ұшу уақыты белгісіз

Бұл рейстердегі жолаушылар тамақтандырылады деп уәде етілді.

Астана әуежайындағы өрт салдарынан 18 рейс кейінге шегерілді, деп хабарлады әуежай әкімшілігі.

Жолаушылар Дубай, Шымкент, Алматы, Жезқазған, Өскемен, Ақтау, Ыстамбұл, Павлодар, Қостанай, Санкт-Петербург, Қызылорда, Варшава және Петропавл қалаларына ұша алмайды. Бұл ретте әуежай кіретін рейстерді қабылдауды жалғастыруда.

"Кешіккен рейстердің нақты ұшып шығу уақыты белгісіз. Біз жолаушыларға су мен сусындар таратып жатырмыз, жақын арада тағамдармен қамтамасыз етеміз", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Хабарламада коммутациялық орталықтағы өрттің әлі толық сөндірілмегені нақтыланады. Өртті сөндіруге 58 адам мен 23 техника жұмылдырылды. Сағат 8.24-те өрттің таралуы толығымен тоқтатылды.


Оқи отырыңыз: Астана әуежайындағы өртке байланысты адамдар эвакуацияланды


"Өртті сөндіру кезінде қою түтіннің салдарынан терминалда болған барлық жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау