Астана халықаралық әуежайында электр қалқан өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
"112-ге Астана қаласы халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін, эвакуация жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.
Адамдар ғимараттан эвакуацияланды. Өрт сағат 8.24-те сөндірілді. Нақтыланған ақпарат бойынша, №2 терминалдың серверлік бөлмесінде 10-15 м2 электр кабельдері жанып жатқан.
Оқи отырыңыз: Астана әуежайы 8 ай бойы түнгі мезгілде жабық болады
USD:
460.3 / 463.1
EUR:
540.0 / 545.0
RUB:
5.93 / 6.05