Тікелей эфир

Ақмола облысындағы 5 ауылдың тұрғындары серіктестікке жалға берген жерден пайда көре алмай отыр

Ақмола облысында бес ауылдың тұрғындары жауыр болған жер мәселесін шешіп беруді талап етіп, әкімдікке жиналды.

Бурабай ауданының Ақылбай, Мәдениет, Баянбай, Абылайхан және Қарабұлақ ауылының тұрғындары пай мәселесін былтырдан бері көтеріп келеді. Олар жерлерін 16 жыл бұрын «Есіл-агро» серіктестігіне жалға берген. Алғашқы келісім бойынша табыстың 10 пайызы тұрғындарға тиесілі болуы керек. Алайда жиналған жұрттың айтуынша, серіктестік ел іргесін түгел жыртып, ауылдың әбден тозығын шығарған.

"Жылдан жылға «Есіл» агро-серіктестігі бізді құртып барады. 14 мың гектар жеріміз бар. Соның ішінде 2000 гектарына егін егілген. Ол егінді біз әлі күнге дейін көрген жоқпыз", – деді Абылайхан ауылының тұрғыны Қайырбек Исин.


Оқи отырыңыз: "Әкімдік жерімізді тартып алмақ": Түркістан облысында жер дауы ушықты.


Ауыл тұрғындары сенімге кіріп, кейін сенделтіп қойған "Есіл-агро" серіктестігінен шығатындарын айтты. Серіктестіктен шығау – оңай шаруа емес, сондықтан тұрғындар заңға өзгеріс енгізуді сұрайды.

"Депутаттардан Жер кодексін қайта қарауды сұраймыз. Серіктестік құрамынан шығу үшін, оған қарайтын 2200-ден артық адамның тең жартысы қолдау керек. Яғни, барлық ауылды көтеру керек", – деді Ақылбай ауылының тұрғыны Бауыржан Серікбаев.


Оқи отырыңыз: Тегін 10 сотық жер алуға енді eGov.kz арқылы өтініш беруге болады.


Серіктестік төрағасы биыл егін жинау қиындап жатқанын айтты.

"Заң бойынша "бөлінем", "шығам" дегендерге ешқандай кедергі жоқ. Пайды төлеп жатырмыз. Былтыр 1500 тонна пай бердік. Биыл егін жинау қиындап жатыр. Қазіргі уақытта егіннің 30 пайызы ғана ордық. Егін сапалы емес, соған қарамастан жұмыс істеп жатырмыз. Биыл  30 мың гектар жерге егін ектік", – деді "Есіл-агро" Компаниясы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Самат Ескендіров.

Серіктестер жаңалықтары