USD: 486.9 / 489.5
  • EUR: 558.5 / 563.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісіне 10 жыл сұрады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Прокурордың пікірінше, Александр Пак жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуі тиіс.

Алматы қаласының сотында Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталушы Александр Пакқа қатысты сот жарыссөзі өтті. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурордың пікірінше, Александр Пак жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуі тиіс.

Айыпталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайларға қатысты қолданылады.

Сот барысында Александр Пак жол апатына кінәсін толық мойындайтынын және заң алдындағы жауапкершіліктен жалтаруға тырыспайтынын мәлімдеді.

Қайғылы жол апаты биылғы 21 наурызға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған. Тергеу мәліметінше, Александр Пак басқарған Zeekr автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сот ісін қарау жалғасып жатыр, түпкілікті үкім кейінірек жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз