Тікелей эфир

Дәріханалар дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатса, қайда және қалай шағымдануға болады?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
DariKZ мобильді қосымшасы арқылы дәрі-дәрмектің бағасын көтерген дәріханаларға шағымдануға болады.

Қазақстанда дәрі-дәрмекті іздеу мен оның құрамымен танысу үшін былтыр іске қосылған мобильді қосымша арқылы дәріханаларға шағымдануға болады.

DariKZ қосымшасында Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектерге шекті рұқсат етілген баға белгіленген. Осы арқылы препараттың бағасын біліп қана қоймай, басқа дәріханалармен салыстыруға мүмкіндік бар. Егер дәріханадағы бағаның қымбаттағанын байқасаңыз, онда қосымшадағы батырманы баса отырып, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына мәлімет жіберу керек. Нәтижесінде орталық мамандары аталмыш дәріханаға тексеру жұмыстарын жүргізіп, Денсаулық сақтау министрлігі олардың жұмысын шектейтін болады.

Сонымен қатар, қосымшадан дәрінің түпнұсқа немесе құрамы ұқсас екені туралы да ақпарат табуға болады. Препараттың аналогтары, нұсқаулығы және дәрігер рецептінсіз берілетін-берілмейтіні туралы ақпарат та қолжетімді.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттен тегін дәрілерді кімдер, қандай жағдайда ала алады?

Мобильді қосымшадан дәріні қалай табуға болады?

  • сауда атауы бойынша;
  • тіркеу куәлігі бойынша;
  • халықаралық патенттелмеген атауы бойынша.

Мобильді қосымшаға Қазақстан аумағында тіркелген 7 мыңнан астам дәрі түрі енгізілген. DariKZ мобильді қосымшасын Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады.

Оқи отырыңыз: СҚ-Фармация 192 дәрі тізімін жасады. Оларды 18 жасқа дейінгі балалар тегін алады

Мобильді қосымшадан Қазақстанда тіркелген препараттар туралы төмендегі ақпаратты білуге болады:

  • дәрі-дәрмектің құны;
  • дәрі рецептімен немесе рецептісіз берілетіні туралы;
  • өндіруші ел;
  • қолдану жөніндегі нұсқаулық;
  • жанама әсерлері;
  • сақтау мерзімі;
  • тіркеу нөмірі;
  • және басқа деректер.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары