№1. Қазақстандықтардың тегін дәрі алуына не негіз болады?
ҚР ДСМ 2011 жылғы 4 қараша күнгі "Тегін медициналық көмектің кепілдік шеңберінде амбулатория жағдайында белгілі бір аурулары (жай-күйі) барларды тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" № 786 бұйрығы негізінде тегін дәрілер ҚР барлық азаматына беріледі. Бұйрықта тегін дәрілер берілетін аурулардың, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің тізімі бар.
№2. Тегін дәрі-дәрмек қандай аурумен ауыратындарға беріледі?
Бюджеттік қаражат есебінен тегін дәрілерді төмендегі аурулармен диспансерлік есепте тұратын емделушілер ала алады:
- Пневмония, тыныс демікмесі;
- Өкпенің созылмалы обструктивті ауыруы;
- Ауытқулар;
- Жүректің ишемиялық ауруы;
- Созылмалы жүрек ауруы;
- Жүрек клапаны протезделген аурулар;
- Ағза ауыстырылғаннан кейінгі жағдайлар;
- Асқазанда және ішекте ойық жарасы барлар;
- Крон және ойық жаралы колит ауруымен ауыратындар;
- В және С вирусты гепатиті;
- Қояншық ауруы.
Аурулардың толық тізімі мына жерде.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ережеге сәйкес тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету түгелдей мемлекеттік дотацияға көшті.
№3. Қандай жағдайда балаларға тегін дәрілер беріледі?
Бес жасқа дейінгі балаларға мынадай ауруларда тегін дәрі берілуі тиіс:
- Жұтқыншақтың қабынуы, бронхит, тонзилит.
Мынадай аурулармен ауырған 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрімен қамтамасыз етіледі:
- Пневмония, темір тапшылығы анемиясы.
Бір жасқа дейінгі балалар рахит ауруын емдеуге арналған дәрілермен, сондай-ақ төмендегі жағдайларда бала өмірінің алғашқы жылдарында оларға ана сүтін алмастырғыштар беріледі:
- Қан ауруларының ауыр түрлері;
- Онкологиялық қатерлі ісік аурулары;
- Психикалық аурулар (психоздар немесе бала туғаннен кейінгі ауыр депрессия);
- Бүйрек ауруларының ауыр түрлері;
- Туа бітті жүрек аурулары;
- Анасының іріңді-септикалық ауруларымен ауыруы;
- Эндокриндік аурулардың ауыр түрлері;
- Аллергиялық ауруардың ауыр түрлері;
- Сүт азаюының бастапқы формасы;
- ВИЧ/СПИД;
- Туберкулездің ашық түрі;
- Балалар асырап алғанда;
- Көпұрықтық жүктілік;
- Анасы оқу орнының күндізгі бөлімінің студенті болса;
- Анасы стационарлы бөлімде емдеуде болса;
- Сүт жетіспеушілігі расталса;
- Галактоземия;
- Фенилкетонурия;
- "Кленовый сироп" ауруы болса.
№4. Жаңа туған нәрестеге не беріледі?
Жаңа туған сәбилерге төмендегілерден тұратын дәрі қобдишасы беріледі:
- Жасыл дәрі;
- Сутегінің асқын тотығы 3%;
- Мақта (Стерилденбеген);
- Дәке;
- Балалар ұнтағы;
- Вазелин;
- Йод;
- Клеёнка;
- Дәрі тамызғыш;
- Кішкене груша;
- Марганец ерітіндісі;
- Емізік.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Кому и почему положены бесплатные лекарства
№5. Тегін дәрі-дәрмекке қатысты толығырақ ақпаратты қайдан табуға болады?
Ұсынылатын тегін дәрілер мен аурулардың тізімімен "Электронды үкімет" порталынан таныса аласыздар. Сонымен қатар басқа да ақпараттарды 8 800 080 88 87 нөмірінен алуға мүмкіндік бар. Қазақстан бойынша бұл нөмірге қоңырау шалу тегін.
№6. Тегін дәрілерді қалай алады?
Ең біріншіден, емделуші тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркеуде тұруы тиіс. Және диспансерлік есепке тұрып, учаскелік дәрігерге уақытымен қаралуы керек. Дәрігер ай сайын, немесе айына бір немесе үш рет (аурудың жағдайына қарай) тегін дәріге рецепт жазып береді. Емделуші тек бұйрықпен бекітілген дәрі-дәрмектерді ғана тегін ала алады.
№7. Дәрілерді қайдан алады?
Медициналық ұйыммен келісім-шартқа отырған дәріханалардан. Дәрілерді алу үшін дәрігер жазып берген рецептпен бірге жеке басын куәландыратын құжат ұсыну қажет. Ақпараттық жүйеде рецепттің жазылған уақыты мұқият тексеріледі. Мерзімі өтіп кеткен рецепттер бойынша дәрілерді беруге рұқсат етілмейді. Өзіңізге жақын маңдағы дәріхана туралы мәліметті емдеуші дәрігер айтады.
№8. Егер дәріханашы тегін дәріні беруден бас тартса не істеу керек?
Егер қандай ма бір себеппен дәріханашы дәріні беруден бас тартса немесе ол үшін ақы төлеу керек екенін тұспалдап айтса, сізне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан құрылған дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының 8 800 080 88 87 нөміріне қоңырау шалып, шағым қалдыру керек.
Авторы Марина Рузматова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.